БЖБ Математика 6-сынып 1-тоқсан жауаптары «Қатынастар және пропорциялар»
«Қатынастар және пропорциялар» бөлім бойынша жиынтық бағалау
«Математика» 6 сынып 1-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 6-сынып білім алушыларына «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныста бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийі мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
БЖБ Математика 6-сынып 1-тоқсан жауаптары «Қатынастар және пропорциялар»
«Қатынастар және пропорциялар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті
Тура пропорционалдық тәуелділік. Кері пропорционалдық
тәуелділік
Мәтінді есептерді пропорцияның көмегімен шығару.
Масштаб
Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар. Сфера.
Оқу мақсаты 6.1.2.5 пропорцияның негізгі қасиетін білу және қолдану
6.5.1.1 шамалары тура және кері пропорционалдықпен
байланысты есептерді ажырату және шығару
6.1.2.6 шаманы берілген қатынаста бөлу
6.3.3.3 шеңбер ұзындығының формуласын білу және
қолдану
6.5.1.3 картамен, сызбамен, жоспармен жұмыс барысында
масштабты қолдану.
Бағалау критерийі Білім алушы
• Пропорцияның негізгі қасиетін қолданады
• Шамалары тура және кері пропорционалдықпен
байланысты есептерді шығарады
• Шеңбер ұзындығының формуласын есеп шығаруда
қолданады
• Арақашықтық және ұзындықтар арқылы масштабты
табады
Ойлау дағдыларыңың
деңгейі
Қолдану
Жоғарғы деңгей дағдылары
Орындау уақыты 25 минут
Тапсырма
1. 3,6 :8,1 = 8:18 берілген пропорциядағы сандарды пайдаланып, басқа неше пропорция
құрастыруға болады және оларды жазыңыз.
[2]
2. Күн ыстықта 6 шалғышы кішірек торсықтағы қымызды 1,5 сағатта ішіп бітірді. Осындай
мөлшердегі қымызды неше шалғышы 3 сағатта ішіп бітіреді?
[3]
3. Арба дөңгелегінің радиусы 0,5м болса, осы дөңгелек 20 рет айналғанда неше метр жол
жүреді? Мұндағы π ≈ 3,14.
[3]
4. Жер бетіндегі 540 км арақашықтық картада 3,6 см-ге сәйкес келеді. Осы картадағы 0,64
дм кесіндіге жер бетіндегі неше километр арақашықтық сәйкес келеді? Масштабты
табыңыз.