ТЖБ Қазақ әдебиеті 6-сынып 1-тоқсан жауаптар
1-тоқсандық жиынтық бағалау «Қазақ әдебиеті» 6 сынып
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған. «Қазақ әдебиеті» (бірінші тіл) пәні бойынша (Орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) негізгі орта білім беру бағдарламасы (5-9 сыныптар)
Тапсырмалар түрлері
Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет ететін ашық сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 3 бөлімнен тұрады: бірінші бөлім - түсіну және жауап беру, екінші бөлім - анализ және интерпретация, үшіншісі - бағалау және салыстыруды тексеруге арналған.
ТЖБ Қазақ әдебиеті 6-сынып 1-тоқсан жауаптар
Тапсырмалар және балл қою кестесі
«Қазақ әдебиеті» пәнінен 1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
1.Аяз би неліктен өзін «жаманмын» деді?
А) Уәзірлерге көмектескені үшін
В) Ханның жұмбағын шешу үшін
С) Далада мал бағып жүргені үшін
Д) Өмір бойы біреудің босағасында жүргені үшін
[1]
2. Жаманның Аяз би аталу себебі неде?
А) әділеттілігінде
В) көрегендігінде
С) тапқырлығында
Д) ақылдылығында
[1]
3.Тіршілікте ... бол төзімді,
Сан мәртебе алдаса да өзіңді.
... еш уақытта жазғырма,
Тіпті кейде болса әзәзіл азғырған, - көп нүктенің орнына қойылатын сөздер қатарын
белгілеңіз.
А) болаттай, өміріңді
В) құрыштай, тағдырыңды
С) құрыштай, өміріңді
Д) болаттай, тағдырыңды
[1]
4. Доспамбет жыраудың «Айналайын, Ақ Жайық» жырына сәйкес келетін қатарды
белгілеңіз.
А) туған жерді сағыну
В) өткен өмірді аңсау
С) елді жаудан қорғау
Д) елге деген сүйіспеншілік
[1]
5. Кілең бұздай кілшейтіп,
Көбелер киген өкінбес.
Жұпарын қардай боратып,
Арулар құшқан өкінбес...- қарамен берілген сөздерге сай қатарды анықтаңыз.
А) теңеу, қару, теңеу
В) эпитет, сауыт, эпитет
С) сын есім, қару, сын есім
Д) теңеу, темір сауыт,теңеу
[1]
6. «Аяз әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл» дегенді қалай түсінесіз?
__________________________________________________________________________
[2]
7. Осы заманда кімдерді «жаман» деп айтуға болады?
__________________________________________________________________________
[2]
8. Әл-Фарабидің «Өрге жүзер өнегелі ісімен, таңда адал дос өз теңіңнің ішінен» деген ойына
өз пікіріңізді жазыңыз.
__________________________________________________________________________
[2]