Название сайта

ТЖБ Қазақ тілі 6 сынып 3-тоқсан жауаптар

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

3-тоқсандық жиынтық бағалау «Қазақ тілі» 6 сынып

Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді. Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақ тілі» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы.Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс. Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. 

Тоқсандықжиынтықбағалаудыңнұсқасы3компоненттентұрады:біріншісі- тыңдалым, айтылым, екіншісі - оқылым, үшіншісі - жазылым және әдеби тіл нормаларын тексеруге арналған.

ТЖБ Қазақ тілі 6 сынып 3-тоқсан жауаптар

«Қазақ тілі Т1» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Су – тіршілік көзі. Қазақстандағы өзен-көлдер.Морфология
Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары.Морфология
Қазақ халқының әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлері. Наурыз.Морфология
Тыңдалым мен айтылым
Тапсырма
Мәтіндітыңдаңыз (оқыңыз). Мәтінде көтерілген басты мәселені, жалпы мазмұнына қатысты
өз пікіріңізді білдіріңіз. Мәтіндегі кем дегенде екі детальді ақпаратты анықтап, оның себебін
түсіндіріңіз.
[10]
Мәтіндер
1-мәтін
Әзиз Тастанбеков, профессор, Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, қазақ күресінің
жанашыры:
– Көкпар десе, қазақ күресі десе айрықша рухтанып, тақым қыспайтын қазақ жоқ. Біз де
әрдайым елеңдеп, рухтанып отырамыз. Күреспен бала кезден айналыстық. Еркін күрестен де,
классикалық күрестен де, оның ішінде қазақ күресінен де спорт шебері болдық, дегенмен,
осы ұлттық спорт түрінің көптен кенжелеу қалып келе жатқаны рас еді. Баяғыда ел ішінде
жылына бір мәрте жарыс ұйымдастырылса, қатты қуанатын едік. Иә, қазақ күресі қақпайды
көп көрді. Ертеректе, Оңтүстік Қазақстан облысында, Жетісайда қазақ күресіне жанашыр
ағаларымыз он-жиырма жылда бір рет болсын, жарыстар ұйымдастыратын. Соған ел ауыл-
ауылдан ағылып келетін еді. Ол іс-шара үлкен тойға ұласатын. Енді сол бірталай теперішке
түскен Қазақ күресінің бағын Ислам Әбішев пен мына Серік інілеріміз бастаған азаматтар
ашып, ұлттық ойында әлемдік деңгейдегі дүбірге қоса бастады. Елім, халқым деген осынау
еңбектері адал жігіттер аман болсын. Енді Қазақ күресін олимпиадаға қосуды діттеп отыр.
Ол күннің келетініне де кәміл сенемін...
2-мәтін
Қазақстандық спортшылар Ашхабад қаласында жауынгерлік өнер түрлері бойынша
жабық ғимаратта өтіп жатқан V Азия ойындарында сәтті өнер көрсетуде. Бүгін спортшылар
ел қоржынына 3 «алтын», 3 «күміс», 4 «қола» медаль салды.
Жеңіл атлеттеріміз 3 алтын, 1 күміс және 2 қола медаль еншіледі. Әйелдер арасында 60
метрге жүгіруде Виктория Зябкина 7.32 секундтық нәтижемен алтын, Ольга Сафронова қола
медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, әйелдер арасында 400 метрге жүгіру сынында отандасымыз
Елена Микина алдына жан салмады. Елена 53.37 секундтық нәтижемен жеңімпаз атанды. Ал
ерлер арасындағы бәсекеде Михаил Литвин үшінші орынды қанағат тұтты.
Бұған дейін Ольга Рыпакова мен Мария Овчинникова әйелдер арасында үш қарғып
секіруден 1 алтын, 1 күміс медаль еншілеген болатын.
Белбеу күресінен сынға түскен Ерсұлтан Мұзаппаров және Перизат Жақыпбекова
күмісті,ДидарСәтбаевқоламедальдіжеңіпалды.Сондай-ақ,джиу-джитсудан55кг
салмақта өнер көрсеткен Галина Дуалова қола медальға қол жеткізді.
Сонымен, Азия ойындарының төртінші күнгі қорытындысы бойынша, Қазақстан 3-
орында.
3-мәтін
Қасиетті қазақ халқының салт-дәстүрлері өте көп. Соның ішінде қазіргі жастар біле
бермейтіндеріне қысқаша тоқталсақ. Ат тергеу. Ол – адамды сыйлауға арналған ізеттілік
әдет-ғұрып. Ұлттық болмыс бойынша әйелдер атасына, қайнағасына, қайнысына, қайын-
сіңілісіне атын атамау үшін қосымша ат қояды. Мұны ат тергеу деп атайды. Мұндайда
қойылатын аттардың кейбірі мынандай: «Мырза қайнаға», «бай атам», «би аға», «тентегім»,
«еркежан», «шебер шешей», «ақ әже», «сырғалым», «шашбаулым». Жеңгелері қайныларына
әзілдеп, бойлары тапал болса «сұңғақтым», жайбасар болса «жүйрігім» деп те ат қояды. Ер
адамдар да өзінен үлкендерді Мәке, Сәке деп құрметтейді. Анттасу. Жаудан кек қайтару