Название сайта

БЖБ Жаратылыстану, 5-сынып 3-тоқсан жауаптары «Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер» бөлім бойынша жиынтық бағалау

«Жаратылыстану» 5 сынып 3-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 5-сынып білім алушыларына «Жаратылыстану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар «Жаратылыстану» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген. 

БЖБ Жаратылыстану, 5-сынып 3-тоқсан жауаптары «Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер»

«Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 5.4.1.1 Өлі табиғатта болатын үдерістерді атау (табиғатта
заттардың айналымы, тау түзілу, үгілу, климаттық
үдерістер)
5.4.2.1 Тірі ағзалардың ортақ қасиеттерін сипаттау
5.4.2.4 Уақытша микропрепарат дайындау
5.4.2.7 Фотосинтездің жүруі үшін қажетті жағдайларын
зерттеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Өлі табиғаттағы үдерістерді анықтайды
• Тірі ағзаларға ортақ қасиеттерді анықтайды
• Уақытша микропрепараттарды дайындау барысын
сипаттайды
• Фотосинтез үдерісіне қажетті жағдайларды
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1 . Төменгі суретте тау түзілуінің сызбанұсқасы көрсетілген. Тау түзілу үрдісін сипаттаңыз.

2 . Сәйкестікті анықтаңыз:
Тірі ағзаның қасиеті Сипаттама
1) Тітіркену А) Өсімдіктер мен жануарлар қоршаған орта жағдайына
бейімделе алғанда ғана түрлерін сақтап қалады, сондықтан
олар түрлі өзгерістерге ұшырайды
2) Көбею В) Тұқымның өнуі, жапырақтардың біртіндеп жазылуы,
бүршіктердің, гүлдердің біртіндеп ашылуы, жарыққа қарай
бағытталуы (күнбағыс, бөлме өсімдігінің жарық көп түсетін
жағының ерекше өсуі, т.б.) мұртшалары арқылы қасындағысы
екінші бір өсімдікке шырмалуы
3) Зат алмасу С) Жоғары сатыдағы ағзаларды былай қойғанда көзге
көрінбейтін микроағзалар ұрпақ қалдыру үшін екіге бөліну