Педагогическая копилка

БЖБ Жаратылыстану, 5-сынып 2-тоқсан жауаптары «Заттар және материалдар»

«Заттар және материалдар» бөлім бойынша жиынтық бағалау

«Жаратылыстану» 5 сынып 2-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 5-сынып білім алушыларына «Жаратылыстану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар «Жаратылыстану» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген. 

БЖБ Жаратылыстану, 5-сынып 2-тоқсан жауаптары «Заттар және материалдар»

«Заттар және материалдар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 5.3.1.4 Физикалық және химиялық құбылыстарды
ажырату
5.3.2.5 Заттарды ерігіштігі бойынша, металдар және
бейметалдарға жіктеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Физикалық және химиялық құбылыстарды
салыстырады
• Металдар мен бейметалдарды ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Физикалық құбылысты белгілеңіз.
A. мұздың еруі
B. қағаздың жануы
C. шегенің тот басуы
D. ағаштың көмірленуі
2. Химиялық құбылысты белгілеңіз.
A. Сүт ашиды.
B. Жел үрлейді.
C. Күн жарқырайды.
D. Найзағай жарқырайды.
3. Химиялық құбылысты сипаттайтын белгіні анықтаңыз.
A. Зат өз түсін өзгертеді.
B. Зат қыздырған кезде үлкейеді.
C. Зат бір күйден басқа күйге өтеді.
D. Затты қыздырған кезде немесе суытқанда дене ұзындығын өзгерте алады.
4. a) Сызбанұсқаға қажетті сөздерді теріп жазыңыз. Ерігіштік ұғымын тұжырымдап беріңіз.
Бор, ас тұзы, май бояулар, ас содасы, өсімдік майы, дәрі, марганцовка, құм, мұнай, қант,
саз, сабын.
Ерігіштік – бұл .............................................................................
Суда еритін заттар Суда ерімейтін заттар

Открыть полную версию