Название сайта

БЖБ Дүниежүзі тарихы, 5-сынып 1-тоқсан жауаптары «Ежелгі Египет»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Ежелгі Египет» бөлім бойынша жиынтық бағалау

«Дүниежүзі тарихы» 5 сынып 1-тоқсан

Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 5-сынып білім алушыларына «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар «Дүниежүзі тарихы» пәні бойынша оқу бағдарламасы негізінде дайындалған. Бөлім бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушының тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар бөлім бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныстар түрінде берілген

БЖБ Дүниежүзі тарихы, 5-сынып 1-тоқсан жауаптары «Ежелгі Египет»

«Ежелгі Египет» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Неліктен Египет «Қара жер» деп аталған?
Пунт жеріне перғауын Хатшепсут кемелерін не үшін
жіберді?
Оқу мақсаты
5.2.4.2 Ғылымдардың (арифметика, геометрия, астрономия,
медицина) пайда болып, дамуына шаруашылық іс-әрекет
пен әлеуметтік өзгерістердің ықпалын сипаттау
5.1.2.1 Ежелгі қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттау
Бағалау критерийі Білім алушы
 Ғылымдардың дамуына шаруашылық іс-әрекет пен
әлеуметтік өзгерістердің ықпалын көрсетеді
 Қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Төмендегі ғылым салаларының пайда болуына шаруашылық пен әлеуметтік өзгерістердің
ықпалын анықтап жазыңыз.
Математика
• Геометрия
Астрономия
• Медицина
2. Әлеуметтік топ өкілдерінің қызметін жазыңыз.
құлдар
шаруалар
қолөнерші
Перғауын