Название сайта

БЖБ Математика, 5 сынып 3-тоқсан жауаптары «Жиын» 

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Жиын» бөлім бойынша жиынтық бағалау

«Математика» 5 сынып 3-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 5-сынып оқушыларына «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардыңң оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген

БЖБ Математика, 5 сынып 3-тоқсан жауаптары «Жиын» 

«Жиын» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Жиын. Жиынның элементтері. Жиындарды кескіндеу
Жиындар арасындағы қатынастар. Ішкі жиын
Жиындардың бірігуі мен қиылысуы
Мәтінді есептерді шығару
Оқу мақсаты 5.5.2.8 жиындармен жұмыс істеуде ⊂, ∪, ∩, ∅, ∈, ∉
символдарын қолдану;
5.4.1.2 жиындардың қиылысуы және бірігуі
анықтамаларын білу
5.4.1.3 берілген жиындардың қиылысуы мен бірігуін табу,
нәтижесін символдарын қолданып жазу
5.5.1.7 Эйлер-Венн диаграммасын қолданып, есептер
шығару
Бағалау критерийлері Білім алушы
 Берілген жиындардың қиылысуын және бірігуін
табады
 Есептер шығару барысында Эйлер-Венн
диаграммасын қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. A  1; 3; 5; 7; 9 жəне B  6; 7; 8; 9; 10 жиындары берілген.
a) А және В жиындарының қиылысуын табыңыз;
b) А және В жиындарының бірігуін табыңыз;
c) суретте көрсетілген жұп сандар қандай жиынға тиісті?
2. Эйлер-Венн диаграммасын қолданып, есепті шығарыңыз:
Қалаға 22 турист келді. Кешкі демалыс кезінде 9 турист драма театрына барғысы келді,
12 турист демалыс паркіне барып дем алғысы келді, ал олардың ішінде 5 турист драма
театрына да, демалыс паркіне де барғысы келді. Қалғандары стадионға барып, футбол
ойынын көргісі келді. Неше турист стадионға барып, футбол ойынын көргісі келді?