БЖБ Математика, 5 сынып 3-тоқсан жауаптары «Мәтін есептер»
«Мәтін есептер» бөлім бойынша жиынтық бағалау
«Математика» 5 сынып 3-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 5-сынып оқушыларына «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге оқушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныста бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта оқушылардыңң оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген
БЖБ Математика, 5 сынып 3-тоқсан жауаптары «Мәтін есептер»
«Мәтін есептер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға
берілген есептер
Бірлесіп орындалатын жұмыстарға қатысты есептер
Оқу мақсаты 5.1.2.24 санның бөлігін табу және бөлігі бойынша санды
табу
5.5.1.4 санның немесе шаманың бөлігін табу және бөлігі
бойынша санды немесе шаманы табуға арналған
есептерді құрастыру және шығару
5.5.1.3 жай бөлшектерге арифметикалық амалдар
қолданып мәтінді есептер шығару (мысалы, бірлесіп
жұмыс жасауға қатысты есептер және тағы басқа)
Бағалау критерийі Білім алушы
Санның бөлігін табуға арналған есепті шығарады
Бөлігі бойынша санды табуға арналған есепті
шығарады
Жай бөлшектерге арифметикалық амалдар
қолданып, мәтін есептерді шығарады
Ойлау дағдыларының
деңгейлері
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20-25 минут
Тапсырма
1. Фабрика 4300 етік тікті. Оның
5
2
-сі былғары теріден тігілген. Былғары теріден
тігілген етіктер саны қанша?
2. Жер экваторының ұзындығы жуық шамамен 40000 км, ал диаметрі экватордың
45
8
бөлігін құрайды. Жердің диаметрі жуық шамамен неге тең?
3. Арман 234 бет оқыды, ол кітаптің
25
9
-ін құрайды. Осы кітапта неше бет бар?
4. Саяжай кентінде b үй бар, оның
6
5
-і екі қабатты үйлер. Егер екі қабатты үйлер саны
45 болса, онда саяжайда неше үй бар?
5. Шебер барлық жұмысты 3 сағатта, ал оның шәкірті 6 сағатта орындайды.
a) Әрқайсысы 1 сағатта жұмыстың қандай бөлігін орындайды?
b) Олар бірлесіп 1 сағатта жұмыстың қандай бөлігін орындайды?
c) Жұмыс өнімділіктері бір қалыпты болғанда, барлық жұмысты қанша уақытта
орындайды?