Название сайта

БЖБ Информатика 4-сынып 4-тоқсан жауаптары «Электрондық пошта»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Электрондық пошта» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Информатика»  4-сынып 4-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Информатика 4-сынып 4-тоқсан жауаптары

«Электрондық пошта» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырып Деректерді Интернетке жіберу
Құпиясөздердің сенімділігі
Болашақтың компьютерлері
Оқу мақсаты 4.3.2.1 Тіркелген файлдары бар хабарламаларды электрондық пошта арқылы
алу және жіберу
4.3.2.2 Браузерді баптауды қолдану (бетбелгілерді жасау, оқиғалар мен
жүктеуді қарау).
4.1.3.1 Сенімді құпия сөзді белгілеу
4.3.1.1 Ақпаратты іздеуді жүзеге асыру (компьютердегі файлдар мен қалталар)
4.2.4.2 Презентацияны жасау кезінде фотосуреттерді, дыбыстарды және
бейнелерді пайдалану
Бағалау
критерийі
Білім алушы
• Файлдарды электрондық пошта арқылы алады және жібереді.
• Бетбелгілерді жасайды, оқиғалар мен жүктеуді қарайды.
• Сенімді құпия сөз критерийлерін белгілейді.
• Компьютерде ақпаратты табады.
• Презентацияда суреттер мен бейнелерді пайдаланады.
Ойлау
дағдысының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Практикалық жұмыс
1. «Ғарыш» атты папканы құрастырыңыз. [1]
2. «Құпия» сөзге қатысы бар суретті интернетте табыңыз және жүктеңіз. [1]
3. Бетбелгілерге пайдаланылған бетті қосыңыз. [1]
4. Көрілген оқиғалардан барлық жазбаларды өшіріңіз. [1]
5. Электрондық поштаны ашыңыз. Мұғалімнен келген хатқа тіркелген (1 презентация, 1 сурет, 1
видео) барлық файлдарды жүктеп алыңыз [1]
6. Бұл файлдар мен жүктелген суретті «Ғарыш» папкасына жылжытыңыз. [1]
7. Жүктелген презентацияны ашыңыз. Оған өз атыңызды жазыңыз. Оған барлық суреттер мен
видеоларды салыңыз. [1]
8. Белгіленген 4 слайдқа сенімді құпия сөзді жазыңыз. Мысал келтіріңіз. [3]
9. Презентацияны сақтаңыз. Презентацияны тіркеп, мұғалімнің электронды поштасына хат
жіберіңіз. [2]