Педагогическая копилка

БЖБ Информатика 4-сынып 3-тоқсан жауаптары «Презентация»

«Презентация» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Информатика»  4-сынып 3-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Информатика 4-сынып 3-тоқсан жауаптары

«Презентация» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырыбы Презентацияға арналған ақпарат. Презентациядағы дыбыстар.
Перезентациядағы бейне.
Презентациядағы анимация.
Оқу мақсаты 4.2.3.1 Слайдқа макет таңдау
4.3.1.1 Ақпаратты іздеуді жүзеге асыру (компьютердегі файлдар
мен бумалар)
4.3.1.2 Браузер баптауларын қолдану (бетбелгілер жасау, тарих
пен жүктемелерді қарау)
4.2.4.2 Презентация жасау барысында сурет, дыбыс пен бейнені
қолдану
4.2.3.2 Презентациядағы нысандарының анимациясын баптау.
Бағалау критерийлері Білім алушы
• Презентация жасау кезінде қажетті макет таңдайды
• Презентацияға қажет ақпаратты табады
• Бетбелгінің командаларын анықтайды және
браузердің тарихы мен жүктемелерін қарайды
• Презентация құру редакторының құралдарын
сипаттайды
• Презентация нысандарына анимацияның баптау
командаларын қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Амир «Қоршаған ортаны қорғау» тақырыбына презентация жасады. Ол слайд құруға арналған
макеттердің қайсысын қолданғанын көрсетіңіз.
2. Суретке мұқият қараңыз. Ақпаратты компьютерден және Интернет желісінен іздеудің бір-бірінен
екі айырмашылығын жазыңыз. 

Открыть полную версию