БЖБ Информатика 4-сынып 3-тоқсан жауаптары «Бейне жасау»
«Бейне жасау» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Информатика» 4-сынып 3-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
БЖБ Информатика 4-сынып 3-тоқсан жауаптары
«Бейне жасау» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Тақырыбы Бейнежазба
Бейне өңдеу
Оқу мақсаты 4.2.4.1 Бейнелер жасау
Бағалау критерийлері Білім алушы
• Бейнемен жұмыс істеу үшін қажетті құрылғылардың мысалын
келтіреді.
• Бейнені өңдейтін бағдарламалардың мүмкіндіктерін
сипаттайды.
• Бейне жасайтын құрылғылардың құралдарын сипаттайды.
• Бейне жасауға және өзгертуге арналған бейнені өңдейтін
бағдарламалардың мүмкіндіктерін сипаттайды.
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Амир сабаққа «Табиғи құбылыстар» тақырыбындағы жобаға бейне слайд-шоу жасау қажет. Амирге
жобаны жасауға қажетті бағдарламалар мен жабдықтардың атауларын жазып көмектесіңіз.
Аппараттық жабдықтама ________________________________
Бағдарламалық жабдықтама _____________________________
2. Бейнені өңдейтін бағдарлама әртүрлі тапсырмаларды орындауға мүмкіндік береді, соның ішінде:
• сандық бейнекамерадан бейнені алу;
• тақырыптар мен жазуларды қосу;
• үзінділер арасында ауысу жасау.
Бейнені өңдейтін бағдарламаның басқа тағы екі функциясын көрсетіңіз.
1) _______________________________________________________________________
2) _______________________________________________________________________
3. Суретте белгіленген батырмалардың қолдану мақсатын сипаттаңыз.
4. Төменде бейненің үзінділерін өңдеуге арналған құралдар берілген. Олардың әрқайсысының
қолданылу мақсаттарын жазыңыз