Педагогическая копилка

БЖБ Математика 4-сынып 2-тоқсан жауаптары «Көбейту және бөлу»

«Көбейту және бөлу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Математика»  4-сынып 2-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Математика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Математика 4-сынып 2-тоқсан жауаптары

«Көбейту және бөлу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 1.2 Сандармен амалдар орындау
2.1 Санды және әріпті өрнектер
Оқу мақсаты 4.1.2.13 Бөлінді мәнінде нөлдер болатын жағдайда
көптаңбалы санды екітаңбалы/үштаңбалы санға
бөлу алгоритмін және кері амал алгоритмін қолдану
4.2.1.8 ** Қалдықпен бөлу формуласын (a=b•c+r) шығарып
алу және қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Бөліндінің мәнінде нөл болатын жағдайдағы
бөлуді орындайды және тексереді
• Есептеу барысында қалдықпен бөлу формуласын
қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 15 минут
1-тапсырма
Баған түрінде жазып шығар және тексер.
14210 : 35
2-тапсырма
Белгісіз санды тап.
Асқар бір санды 7-ге бөліп еді, бөліндінің мәнінде 3916 саны шықты және 4 қалдық
қалды. Бөлінгішті анықта.

Открыть полную версию