ТЖБ 1-тоқсан Математика 4-сынып жауаптар
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау
«Математика» 4-сынып
Спецификация 4-сыныпта «Математика» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар сұрақтарды және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 7 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
ТЖБ 1-тоқсан Математика 4-сынып жауаптар
4. Тапсырмалар мен балл қою кестесінің үлгісі
«Математика» пәнінен 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1. Кестеге құрамы бойынша сандарды жаз:
a) ІІ кластың 38 бірлігі және І кластың 617 бірлігінен тұратын санды;
b) Бесінші разрядтың 3 бірлігі, төртінші разрядтың 9 бірлігі және бірінші разрядтың
5 бірлігінен тұратын санды;
миллиондар класы мыңдар класы бірліктер класы
IX VIII VII VI V ІV ІІІ ІІ І
с) Кіші санды анықтап, ондыққа дейін дөңгелектеп жаз. __________________________
[3]
2. Шамаларды өрнекте.
36т 4кг = ... кг
26м2 = ... см2
9215м = ... км ... м
[3]
3. Бөлуді орында.
480 000 : 1000 =
925 305 100 =
[2]
4. Есепті шығар.
Автокөлік бірінші күні 105 км/сағ жылдамдықпен 3 сағат, ал екінші күні 90 км/ сағ
жылдамдықпен 6 сағат жүрді. Ол екі күнде барлығы қанша километр жол жүрді?
[7]
5. Есепті шығар.
Ұзындығы 9м, ені 5м, биіктігі 3м болатын бөлменің көлемін есептеп тап.
[3]