Педагогическая копилка

БЖБ Математика 4-сынып 1-тоқсан жауаптары «Біртаңбалы санға көбейту және бөлу»

«Біртаңбалы санға көбейту және бөлу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Математика»  4-сынып 1-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Математика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Математика 4-сынып 1-тоқсан жауаптары

«Біртаңбалы санға көбейту және бөлу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 1.2 Сандармен амалдар орындау
Оқу мақсаты 4.1.2.7 Екітаңбалы/үштаңбалы сандарды біртаңбалы санға
ауызша көбейту мен бөлуді орындау
4.1.2.4 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерге сүйеніп,
натурал сандарды топтастыру
4.1.2.10**Көптаңбалы сандарды біртаңбалы сандарға
қалдықпен бөлуді орындау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Екі/үштаңбалы сандарды біртаңбалы санға көбейтеді
және бөледі
• Санның 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштігін анықтайды
• Көптаңбалы сандарды біртаңбалы санға қалдықпен
бөледі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Есепте.
132 ∙ 3 = 728 : 8 =
2-тапсырма
Сандарды бөлінгіштік белгілеріне қарай топтарға бөл: 78, 45, 90, 120, 124, 335, 446, 300
3-тапсырма
Қалдықпен бөлуді орында және тексер.
975 818: 7 =

Открыть полную версию