БЖБ Математика 4-сынып 1-тоқсан жауаптары «Көптаңбалы сандар нумерациясы және олармен амалдар орындау»
«Көптаңбалы сандар нумерациясы және олармен амалдар орындау» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Математика» 4-сынып 1-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Математика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
БЖБ Математика 4-сынып 1-тоқсан жауаптары
«Көптаңбалы сандар нумерациясы және олармен амалдар орындау» бөлімі бойынша
жиынтық бағалау
Бөлімше 1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер
1.2 Сандармен амалдар орындау
1.3 Шамалар және олардың өлшем бірліктері
4.3 Тізбектер
Оқу мақсаты 4.1.1.3 Көптаңбалы сандардың разрядтық және кластық
құрамын және разрядтық бірліктердің жалпы
санын анықтау, разрядтық қосылғыштарға жіктеу
4.1.2.8 Көптаңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту
алгоритмдерін қолдану
4.1.3.5 Уақыт өлшем бірлігінің үлесін табу ( 1/60 сағ ═ 1
мин; 1/2сағ ═ 30 мин;1/7 апта= 1 күн)
4.4.3.1** 1000 000-ға дейінгі сандар тізбектерінің
заңдылықтарын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Разрядтық және кластық құрамы бойынша
көптаңбалы сандарды атайды
• Разрядтық бірліктердің жалпы санын анықтайды
• Көптаңбалы сандарды разрядтық қосылғыштардың
қосындысына жіктейді
• Көптаңбалы сандарды қосу және азайтудың жазбаша
есептеу тәсілдерін қолданады
• Уақыт бірліктерінің үлесін анықтайды
• 1000 000 көлеміндегі сандар тізбегінің заңдылығын
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
a) Құрамы бойынша сандарды жаз:
• екінші кластың 25 бірлігі, бірінші кластың 13 бірлігі бар сан _____________
• екінші кластың 450 бірлігі, бірінші кластың 12 бірлігі бар cан ____________
b) Кіші санда барлығы неше ондық бар? ______________________________________
c) Үлкен санды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жазып көрсет
_______________________________________________________________