Название сайта

БЖБ Қазақ тілі (Т1) 4-сынып 4-тоқсан жауаптары «Ғарышқа саяхат»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Ғарышқа саяхат» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Қазақ тілі (Т1)»  4-сынып 4-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі (Т1)» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Қазақ тілі (Т1)» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Қазақ тілі (Т1) 4-сынып 4-тоқсан жауаптары

«Ғарышқа саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері Тыңдалым және айтылым
Оқу мақсаты 4.1.1.1 Тыңдаған материал бойынша негізгі тұстарын түртіп
алу және солардың негізінде мәтіннің мазмұнын айту
4.1.3.1 Сұхбаттасының жасын, жай-күйін ескере отырып,
белгілі бір тақырып аясында сөйлеу мәдениетін сақтап,
диалогке қатысу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіндегі негізгі ақпаратқа қатысты тірек сөздерді
анықтайды
• Берілген тақырып бойынша диалог құрады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Мәтінде төменде берілген суреттерге қатысты қандай ақпараттар бар?
Кестеге жаз.