Название сайта

ТЖБ 2-тоқсан Жаратылыстану 4-сынып жауаптар

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау 

«Жаратылыстану» 4-сынып 

Тоқсан бойынша жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға бағытталған.
Спецификация 4-сыныпта «Жаратылыстану» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.

Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар сұрақтарды және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 7 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.

ТЖБ 2-тоқсан Жаратылыстану 4-сынып жауаптар 

Тапсырмалар мен балл қою кестесінің үлгісі
«Жаратылыстану» пәнінен 2-тоқсанға арналғанжиынтық бағалаудың тапсырмалары
1-тапсырма
а) Сен қолыңды ыстық затқа тигізсең, оны бірден тартып аласың. Бұл адам ағзасының
қай жүйесімен байланысты? Дұрыс жауабын тап.
A) қан айналым жүйесі
B) тыныс алу жүйесі
C) ас қорыту жүйесі
D) жүйке жүйесі
[1]
b) Бұл жүйе қандай мүшелерден құралады?
____________________________________________________________________
[1]
2-тапсырма
Кестені толтыр.
Саз
Заттың қасиеті Қолданылуы
[2]
3-тапсырма
а) Cуреттерге мұқият қара. Жаңа зат алу үдерісі бейнеленген суреттер қатарын белгіле
().
[1]
b) Аталған жаңа затты алу кезеңдерін жазып көрсет.
1) _____________________________________
2) _____________________________________
3) ___________________________________