Название сайта

БЖБ Жаратылыстану 4-сынып 1-тоқсан жауаптары «Жанды табиғат. Жануарлар»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Жанды табиғат. Жануарлар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Жаратылыстану»  4-сынып 1-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Жаратылыстану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Жаратылыстану» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Жаратылыстану 4-сынып 1-тоқсан жауаптары

«Жанды табиғат. Жануарлар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 2.2 Жануарлар
Оқу мақсаты 4.2.2.2 Бунақденелілердің тіршілік циклін сипаттау
4.2.2.3 Өсімдікқоректі және жыртқыш жануарларды
ажырату
4.2.2.4 Симбиоздық қарым-қатынасқа мысал келтіру
4.2.2.7 Жойылу шегінде тұрған жануарларға мысал келтіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Бунақденелілердің даму кезеңдерін атайды
• Жануарларды қоректену түріне қарай
жіктейді
• Симбиоздық қарым-қатынаста тіршілік
ететін жануарларды атайды
• Жойылу қаупі төніп тұрған жануарларды
атайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Суретті пайдаланып, көбелектің даму кезеңдерінің атауын жаз.