БЖБ Дүниетану 4-сынып 3-тоқсан жауаптары «Қоршаған ортаны қорғау»
«Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Дүниетану» 4-сынып 3-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Дүниетану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Дүниетану» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
БЖБ Дүниетану 4-сынып 3-тоқсан жауаптары
«Қоршаған ортаны қорғау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 2.2 Климат және ауа-райы
2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері
2.1 Жергілікті жерде бағдарлану
Оқу мақсаты 4.2.2.1 Адамзат дамуына климаттың әсерін талдау
4.2.3.2 Зерттеу негізінде өз өңірінде табиғи апаттар
туындауы ықтималдылығын болжау
4.2.1.3 Глобус пен картадан параллельдерді,
меридиандарды, экваторды көрсете білу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Климаттың адамның қызметіне әсерін сипаттайды
• Өз өңірінде туындауы мүмкін болатын табиғи
апаттарды болжайды
• Глобус пен картадан паралельдерді, меридиандарды,
экваторды көрсетеді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Сұрақтарға жауап жаз.
1) Сен тұратын аймақтың климаты қандай? ____________________________________
2) Климатты ескере отырып, сен тұратын аймақта өсімдік шаруашылығынын қай түрін
дамытуға болады? Неліктен?
__________________________________________________________________________
__________________________________________________________________________
2-тапсырма
Сұрақтарға жауап жаз.
1) Сен тұратын аймақта қандай табиғи апаттар болуы мүмкін?
__________________________________________________________________________
2) Ол қандай себептерден туындауы мүмкін? Түсіндір.
__________________________________________________________________________
3) Бұл табиғи апаттың күнделікті өмірде тигізетін зардабы қандай?