БЖБ Дүниетану 4-сынып 3-тоқсан жауаптары «Табиғат құбылыстары»
«Табиғат құбылыстары» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Дүниетану» 4-сынып 3-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Дүниетану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Дүниетану» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
БЖБ Дүниетану 4-сынып 3-тоқсан жауаптары
«Табиғат құбылыстары» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері
1.4.Денсаулық және қауіпсіздік
2.1 Жергілікті жерде бағдарлану
Оқу мақсаты 4.2.3.1 Өз өңіріндегі және Қазақстан аймақтарындағы
адамдардың табиғи жағдайларға (рельеф, климат,
өсімдік және жануарлар әлемі, су нысандары)
байланысты шаруашылық іс-әрекетін талдау
4.1.4.4 Өзінің жасанды ортадағы қауіпсіздігін жоспарлау
4.2.1.1 Нысанның басқа нысандарға қатысты орнын
анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Адамдардың шаруашылық іс-әрекетіне табиғи
жағдайлардың әсерін сипаттайды
• Төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік ережесін
құрастырады
• Жергілікті жердегі нысандардың басқа нысандарға
қатысты орнын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Суретте бейнеленген шаруашылық түрлері еліміздің қай аймақтарында жақсы дамыған?
________________________________ ________________________________
b) Бір суретті таңда. Осы шаруашылық түрінің дамуына климат қалай әсер етеді?
__________________________________________________________