БЖБ Дүниетану 4-сынып 2-тоқсан жауаптары «Мамандықтар әлемі»
«Мамандықтар әлемі» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Дүниетану» 4-сынып 2-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Дүниетану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Дүниетану» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
БЖБ Дүниетану 4-сынып 2-тоқсан жауаптары
«Мамандықтар әлемі» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 1.6 Мерекелер
1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік
Оқу мақсаты 4.1.6.1 Зерттеулер негізінде кәсіби мерекелердің тарихын
шығармашылық түрде таныстыру
4.1.4.2 Спорттың әр түрлеріндегі жарақаттану қаупін
азайту және алдын алу әдістерін ұсыну
Бағалау критерийі Білім алушы
• Кәсіби мерекелердің тарихы туралы әңгімелейді
• Спортпен шұғылдану кезіндегі қауіпсіздік
ережелерін құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
a) Суретте бейнеленген мамандық атауларын жаз.
b) Кәсіби мерекелердің біреуі туралы жаз.
_________________________________________________________________________
_____________________________________________________