БЖБ Әдебиеттік оқу 4-сынып 3-тоқсан жауаптары «Қоршаған ортаны қорғау»
«Қоршаған ортаны қорғау» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Әдебиеттік оқу» 4-сынып 3-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
БЖБ Әдебиеттік оқу 4-сынып 3-тоқсан жауаптары
«Қоршаған ортаны қорғау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері Оқылым
Жазылым
Оқу мақсаты 4.2.3.1 Шығарманың тақырыбын және негізгі ойды
анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре
отырып дәлелдеу
4.2.7.1 Шығармадан әдеби көркемдегіш құралдарды
(теңеу, кейіптеу, эпитет, аллитерация, әсірелеу) табу
және оларды қолдану
4.3.2.1 Таныс мәтінге жаңа кейіпкерлер қосу, жаңа
сюжеттер енгізу/ өлең (төрт жолды) жазу
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Мәтіннің негізгі ойын анықтап, дәлелдейді
• Мәтінге тақырып қояды
• Мәтіннен теңеу сөздерді табады
• Таныс мәтінді жаңа оқиғалар/кейіпкерлер қосу
арқылы өрбітіп жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Өлеңді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.