Педагогическая копилка

БЖБ Әдебиеттік оқу 4-сынып 2-тоқсан жауаптары «Мәдени мұра»

«Мәдени мұра» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Әдебиеттік оқу»  4-сынып 2-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Әдебиеттік оқу 4-сынып 2-тоқсан жауаптары

«Мәдени мұра» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері Тыңдалым және айтылым
Оқу мақсаты 4.1.2.1** Шығарма мазмұнын түрлі баяндау тәсілдерін (І
немесе ІІІ жаққа өзгертіп, жағдаяттар қосып,
оқиғаларды өрбітіп) қолданып, шығарманы қысқаша/
толық/ ішінара мазмұндау
4.1.4.1 Сөйлеу барысында мақал-мәтелдерді/өлең жолдарын/
нақыл сөздерді/ шешендік сөздерді және вербалды
емес тілдік құралдарды қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Шығарманың мазмұнын толықтырып, өрбіте
баяндайды
• Сөйлеу барысында өлең жолдарын/нақыл сөздерді
қолданады
Ойлау дағдыларының деңгейі Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бере отырып, тапсырманы орында.
1) Абайдың музыкалық мұрасы дегенді қалай түсінесің?
2) Абайдың қандай музыкалық шығармаларын білесің?
3) Мәтіннің мазмұнына Абайдың музыкалық мұрасы туралы өзің білетін ақпараттарды
қосып, мәтінді өлең жолдарымен/нақыл сөздермен өрбітіп әңгімеле. 

Открыть полную версию