БЖБ Әдебиеттік оқу 4-сынып 1-тоқсан жауаптары «Менің Отаным – Қазақстан»
«Менің Отаным – Қазақстан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Әдебиеттік оқу» 4-сынып 1-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 4-сынып білім алушыларына «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
БЖБ Әдебиеттік оқу 4-сынып 1-тоқсан жауаптары
«Менің Отаным – Қазақстан» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері Тыңдалым және айтылым
Оқу мақсаты 4.1.1.1 Шығарманың мазмұнын толық түсіну, кейбір тұстарын
нақтылау, оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін
сұрақтар қою және жауап беру
4.1.4.2 Сөйлеу барысында иллюстрациялар/көрнекіліктер/
фото/ суреттер қолдану, презентация/ видеоролик жасау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап береді
• Шығарманың мазмұнына қатысты нақтылау сұрақтарын
қояды және жауап береді
• Иллюстрациялардың/суреттердің негізінде әңгімелейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
a) Мәтінді мұқият тыңда. Кестедегі сұрақтарға жауап бер.
Сұрақтар Жауаптар
Қазақстанның жер
көлемі қандай?
1991 жылы қандай
оқиға болды?
b) Мәтін бойынша «иә» немесе «жоқ» деп жауап беретіндей 1 сұрақ құрастырып жаз.