Название сайта

БЖБ Дүниетану  3-сынып 3-тоқсан жауаптары «Атақты тұлғалар»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Атақты тұлғалар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Дүниетану»  3-сынып 3-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Дүниетану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Дүниетану» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Дүниетану  3-сынып 3-тоқсан жауаптары

«Атақты тұлғалар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 3.3 Қазақстан тарихындағы маңызды оқиғалар
3.4 Көрнекті тарихи тұлғалар және мәдениет қайраткерлері
Оқу мақсаты 3.3.3.1 Қазақ хандығының құрылу себептерін түсіндіру 3.3.4.1
Тарихи мысалдар негізінде хандар, батырлар мен
 билердің рөлін түсіндіру
3.3.4.2 Тарихи мысалдар негізінде қазақ халқының азаттығы
 үшін күрескен тұлғалардың рөлін шығармашылық
 түрде көрсету
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қазақ хандығының құрылу себептерін анықтайды
• Хандар, батырлар, билердің тарихтағы рөлін
сипаттайды
• Қазақ халқының азаттығы үшін күрескен тұлғаларды
атайды және тарихтағы рөлін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1- тапсырма
Қазақ хандығының құрылуна себеп болған 3 тұжырымды анықтап, белгіле ()
1) Керей мен Жәнібек хандардың халықты бастап Жетісуға көшуі
2) Халықтың Әбілқайыр ханның билігіне қарсылық көрсетуі
3) Қазақ еліндегі егін шаруашылығының дамуы
4) Халықтан үлкен салық жиналып, қысым көрсетілуі
2-тапсырма
Ұлы тұлғалардың қоғамдағы рөлін сипатта. Кестені толтыр.
Ұлы тұлғалар Негізгі міндеттері
Хандар
Билер
Батырлар
3-тапсырма
Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін күрескен тұлғалардың біреуін ата. __________________

• Ол туралы не білесің? Жаз.
 ___________________________________________________________________________
 _________________________________________________________________________