Педагогическая копилка

БЖБ Дүниетану  3-сынып 3-тоқсан жауаптары «Өнер»

«Өнер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Дүниетану»  3-сынып 3-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Дүниетану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Дүниетану» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Дүниетану  3-сынып 3-тоқсан жауаптары

«Өнер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік
3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және
 патриотизм
3.2 Қазақстанның тарихи тамырлары
Оқу мақсаты 3.1.4.1 Тұрмыстық құралдарды пайдалану ережелерін
графикалық түрде көрсету
3.3.5.1 Қазақстанның бейресми рәміздерінің мәнін
түсіндіру («Алтын адам», «Бәйтерек» монументі,
«Мәңгілік ел» қақпасы).
3.3.2.1 Түрлі материалдарды зерделеу арқылы
 түркілердің өмір салтын анықтау
Бағалау критерийі Білім алушы
• Тұрмыстық құралдарды қолдану ережелерін
бейнелеп көрсетеді
• Қазақстанның бейресми рәміздерінің мағынасын
сипаттайды
• Көне түркі халқының өмір салтын сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20минут
1-тапсырма
Электр құралдарын қолдану ережелеріне сәйкес болатын 2 сурет сал.
1. Үйден шығарда электр құралдарын сөндіріп жүр.
2. Тоқ көзіне бөтен заттарды салма.
2-тапсырма
«Мәңгілік ел» қақпасының босағасындағы мүсіндер қандай мағынаны білдіреді? Жаз.

Открыть полную версию