Педагогическая копилка

БЖБ Дүниетану  3-сынып 1-тоқсан жауаптары «Жақсыдан үйрен, жаманан жирен»

«Жақсыдан үйрен, жаманан жирен» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Дүниетану»  3-сынып 1-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Дүниетану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Дүниетану» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Дүниетану  3-сынып 1-тоқсан жауаптары

«Жақсыдан үйрен, жаманан жирен» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 1.5 Құқық және міндет
1.2 Мектеп және мектеп қауымдастығы
Оқу мақсаты 3.1.5.1 Қазақстан Республикасының
 Конституциясының маңызын түсіндіру
3.1.2.3 Қоғамда өзін-өзі ұстау әдеп нормаларын
 түсіндіру
3.1.2.4 Өз тәжірибесінен мысал келтіре отырып,
 адамдар арасындағы достықтың маңыздылығын
 дәлелдеу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Қазақстан Республикасы азаматтарының құқығы мен
міндетін ажыратады
• Қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау ережелерін
анықтайды және түсіндіреді
• Адамдар арасындағы достықтың маңыздылығын
түсіндіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 15 минут
1-тапсырма
Қазақстан азаматтарының міндеттерін белгіле ().
2-тапсырма
1) Театрдағы тәртіп ережесі сақталмаған суреттерді белгіле ().
2) Қоғамдық орындарда өзін -өзі ұстауға арналған 1 ереже құрастырып жаз.
________________________________________________________________

3) Қоғамдық орындарда әдептілік ережелерін сақтау неліктен маңызды? Түсіндір. 

Открыть полную версию