Педагогическая копилка

БЖБ Жаратылыстану 3-сынып 4-тоқсан жауаптары «Табиғат физикасы»

«Табиғат физикасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Жаратылыстану»  3-сынып 4-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Жаратылыстану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Жаратылыстану» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Жаратылыстану 3-сынып 4-тоқсан жауаптары

«Табиғат физикасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 5.2 Жарық
5.3 Дыбыс
5.5 Электрлік
Оқу мақсаты 3.5.2.1 Көлеңкенің пайда болу себептері мен ерекшеліктерін
түсіндіру
3.5.2.2 Денелердің жарықты шағылдыру қабілетін түсіндіру
3.5.3.1 Дыбыс қаттылығының дыбыс көзі мен қабылдағыш
арасындағы қашықтыққа тәуелділігін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Көлеңкенің пайда болу себебін түсіндіреді
• Денелердің жарықты шағылдыру қасиетін сипаттайды
• Дыбыс қаттылығының қашықтыққа тәуелділігін
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Суретке мұқият қара. Ыдыстың артындағы қара дақ қалай аталады? __________________
• Ол қалай пайда болады? Түсіндіріп жаз.
_______________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
2-тапсырма
Сұрақтарға жауап бер.
1) Жарықты шағылдыратын 1 денені ата. ____________________________________
2) Жарық жақсы шағылуы үшін дененің беті қандай болу керек?
_________________________________________________________________________
3-тапсырма
Суретке мұқият қара және сұраққа жауап бер

Открыть полную версию