Педагогическая копилка

БЖБ Жаратылыстану 3-сынып 3-тоқсан жауаптары «Табиғат физикасы»

«Табиғат физикасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Жаратылыстану»  3-сынып 3-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Жаратылыстану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Жаратылыстану» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Жаратылыстану 3-сынып 3-тоқсан жауаптары

«Табиғат физикасы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 5.1 Күштер және қозғалыс
Оқу мақсаты 3.5.1.1 Cерпімділік күшін зерттеу және оның білінуіне мысал
келтіру
3.5.1.2 Ауырлық күшін зерттеу және оның білінуіне мысал
келтіру
3.5.1.3 Үйкеліс күшін зерттеу және оның білінуіне мысал
келтіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Серпімділік күші бақыланатын денелерді анықтайды
• Ауырлық күшін анықтайды және мысал келтіреді
• Үйкеліс күшін анықтайды және мысал келтіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 15 минут
1-тапсырма
Созған немесе қысқан кезде серпімділік күші байқалатын денелерді белгіле ().

2-тапсырма
Суретке мұқият қара. Сары тақтайша қандай күштің әсерінен майысты?
Жаз. _______________________________________

• Осы күшке өзің 1 мысал келтір._______________________________________
3-тапсырма
Бір дене екінші дененің бетімен қозғалған кезде оның қозғалысына кедергі жасайтын күш
пайда болады. Ол қалай аталады? _________________________________________
• Осы күшке өзің 1 мысал келтір___________________________

Открыть полную версию