БЖБ Жаратылыстану 3-сынып 3-тоқсан жауаптары «Заттар және олардың қасиеттері»
«Заттар және олардың қасиеттері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Жаратылыстану» 3-сынып 3-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Жаратылыстану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Жаратылыстану» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
БЖБ Жаратылыстану 3-сынып 3-тоқсан жауаптары
«Заттар және олардың қасиеттері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 3.4 Табиғат ресурстары
Оқу мақсаты 3.3.4.2 Топырақтың негізгі құрамын зерттеу (құм, саз,
өсімдіктер мен жануарлардың қалдықтары, су, ауа)
3.3.4.3 Топырақтың негізгі қасиетін анықтау
3.3.4.1 Кейбір ағзалардың тіршілігіндегі топырақтың рөлін
түсіндіру
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Топырақтың негізгі құрамын анықтайды
• Топырақтың негізгі қасиеттерін атайды
• Топырақтың тірі ағзалар үшін маңызын сипаттайды
Орындау уақыты 15 минут
1-тапсырма
Топырақтың құрамында қандай заттар бар? Сызбаны толтыр.
2-тапсырма
Сұрақтарға жауап жаз.
1) Топырақтың ең басты қасиеті қандай? _____________________________.
2) Жануарлар үшін топырақтың қандай маңызы бар?
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Топырақтың құ