БЖБ Информатика 3-сынып 4-тоқсан жауаптары «Мәтін, дыбыс және презентация»
«Мәтін, дыбыс және презентация» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Информатика» 3-сынып 4-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
БЖБ Информатика 3-сынып 4-тоқсан жауаптары
«Мәтін, дыбыс және презентация» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 3.2.1.1 Мәтіндік редакторда қарапайым сөйлемдерді
теруді жүзеге асыру
3.2.1.3 Құжаттағы ерекшеленген мәтінді қиып алу, көшіру,
қою
Бағалау критерийі Білім алушылар
• Мәтінді теруде компьютерлік бағдарламаны
қолданады
• Мәтінмен жұмыс жасау командаларын қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 15 минут
Практикалық жұмыс
1. Мәтіндік редакторды іске қос. Ерекшеліктерін сақтай отырып, мәтінді теріп жаз.
2. Мәтіндегі қалың жазумен берілген сөйлемді көшіріп алып, мәтіннің төменгі
жағына 5 рет қой.
Мысалы:
Бұл күні күн мен түн теңеледі.
Бұл күні күн мен түн теңеледі.
Бұл күні күн мен түн теңеледі.
Бұл күні күн мен түн теңеледі.
Бұл күні күн мен түн теңеледі.
3. Құжатты жұмыс үстеліне сақта