Педагогическая копилка

БЖБ Информатика 3-сынып 4-тоқсан жауаптары «Презентацяны безендіру»

«Презентацяны безендіру» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Информатика»  3-сынып 4-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Информатика 3-сынып 4-тоқсан жауаптары

«Презентацяны безендіру» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 3.2.3.1 Мәтін мен бейнелерден тұратын қарапайым
презентациялар жасау
3.1.2.4 Компьютерлік программаларда меню командаларын
қолдану
3.2.4.2 Арнайы тақырыпқа сай фотосуреттерді қолдану
3.2.3.3 Презентацияны безендіру үшін дайын безендіруді
пайдалану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Презентацияда мәтін мен бейнелерді қолданады
• Меню бағдарламасының құралдарын қолданады
• Тақырыпқа сәйкес суреттерді қолданады
• Презентация құру үшін дайын дизайнды қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 15 минут
Практикалық жұмыс
«Су –тіршілік көзі» тақырыбына презентация жаса. Презентацияның құрылымы:
1-слайд: атауы
2-слайд: мазмұны
3-слайд: мәтін және сурет
Презентацияда дизайн, анимация, слайдтар арасындағы ауысулар көрсетілуі тиіс.
Презентацияны жұмыс үстеліне сақта.
Бағалау критерийі Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Презентацияда мәтін мен
бейнелерді қолданады
1 тақырыпқа сәйкес презентация
құрады;
1
презентацияны сақтайды; 1
Меню бағдарламасының
құралдарын қолданады
анимацияны қолданады; 1
слайдтар арасындағы ауысуларды
қолданады;
1
Тақырыпқа сәйкес суреттерді
қолданады
тақырыпқа сәйкес суреттерді
іріктейді;
1
суретті мәтінмен сәйкестендіріп
орналастырады;
1
Презентация құру үшін дайын
дизайнды қолданады
тақырыпқа сәйкес мәтін
қолданады;
1
безендіруде дайын дизайнды
қолданады.
1
Барлығы: 8

Открыть полную версию