Название сайта

БЖБ Информатика 3-сынып 2-тоқсан жауаптары «Компьютерлік суреттер»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Компьютерлік суреттер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Информатика»  3-сынып 2-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Информатика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Информатика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Информатика 3-сынып 2-тоқсан жауаптары

«Компьютерлік суреттер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты 3.1.2.1 Компьютерлік программалар қолданушының
міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру
3.1.2.2 Компьютерлік программаларда файлдарды ашу және
сақтау командаларын пайдалану
3.1.2.4 Компьютерлік программаларда меню командаларын
қолдану
3.2.2.1 Қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану
Бағалау критерийі Білім алушылар
• Компьютерлік бағдарламаның міндеттерін сипаттайды
• Компьютерлік бағдарламаның басқару командаларын
қолданады
• Меню бағдарламасының құралдарын қолданады
• Графикалық редактордың құралдарын анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 15 минут
Тапсырма
1. Жағдаятты оқы және компьютерлік бағдарламаның атауын жаз.
№ Жағдаят Компьютерлік
бағдарлама
1 Медет «Менің үйім» тақырыбына сурет
салды.
2 Медет суретін көпшілікке таныстырды.
2. Суретке мұқият қара. Қызыл түспен ерекшеленген командалардың міндетін сипаттап жаз.
1._________________________________
_________________________________
_________________________________
_________________________________
2._________________________________
_________________________________
_________________________________