Педагогическая копилка

БЖБ Математика 3-сынып 3-тоқсан жауаптары «Жазбаша көбейту және бөлу»

«Жазбаша көбейту және бөлу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Математика»  3-сынып 3-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Математика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Математика 3-сынып 3-тоқсан жауаптары

«Жазбаша көбейту және бөлу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 1.2 Сандармен амалдар орындау
Оқу мақсаты 3.1.2.10 Мынадай жағдайларда: 23•2, 123•2, 46:2, 246:2 екі
таңбалы/үштаңбалы сандарды бір таңбалы санға
көбейту мен бөлу алгоритмдерін қолдану
3.1.2.11 Мынадай жағдайларда: 28•3, 269•2, 84:3, 538:2
екі/үштаңбалы сандарды бір таңбалы санға көбейту
мен бөлу алгоритмдерін қолдану
Бағалау критерийі Білім алушы
• Екі/үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға разрядтан
аттамай көбейтеді және бөледі
• Екі /үш таңбалы сандарды бір таңбалы санға
разрядтан аттап көбейтеді және бөледі
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 15 минут
1-тапсырма
Өрнектердің мәнін тап.
 34 ∙ 2 = 69 : 3 =
 231 ∙ 3 = 848 : 4=
2-тапсырма
Баған түрінде жазып шығар.
 19 ∙ 4 81 : 3 274 ∙ 3 765 : 3 

Открыть полную версию