Название сайта

БЖБ Математика 3-сынып 3-тоқсан жауаптары «Кеңістік фигуралар»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Кеңістік фигуралар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Математика»  3-сынып 3-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Математика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Математика 3-сынып 3-тоқсан жауаптары

«Кеңістік фигуралар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 3.2 Геометриялық фигураларды кескіндеу және салу
Оқу мақсаты 3.3.2.3 Кеңістіктік геометриялық фигуралардың (тікбұрышты
параллепипед, куб) жазбасын дайындау және олардың
моделін құрастыру
3.3.2.4 Солға және оңға бұрғанда, үстінен және жанынан
қарағанда кеңістіктік фигуралардың қалпындағы
өзгерістерді түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
• Кеңістіктік геометриялық фигуралардың жазбасын
жинақтайды
• Кеңістіктік фигуралардың әртүрлі қалпындағы
көрінісін анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Берілген жазбаларды ойша жинақта. Кубтың жазбасын тап және қоршап сыз.
2-тапсырма
А1 фигурасына мұқият қара. Ұсынылған алты фигураның арасынан А1 фигурасын тауып,
қорша. В1, С5, D7 фигураларымен де ұ