Педагогическая копилка

БЖБ Математика 3-сынып 1-тоқсан жауаптары «Көбейту және бөлу»

«Көбейту және бөлу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Математика»  3-сынып 1-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 3-сынып білім алушыларына «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Математика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Математика 3-сынып 1-тоқсан жауаптары

«Көбейту және бөлу» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 5.2 Математикалық тіл
1.3 Шамалар және өлшем бірліктер
5.1 Есептер және математикалық модель
Оқу мақсаты 3.5.2.4** Көбейту және бөлу амалдары компоненттерінің
атауларын жақшалы өрнектерді оқу мен жазуда
қолдану
3.1.3.3** Ұзындық ( мм,см, дм, м, км)/ масса (г, кг, ц,
т)/көлем (сыйымдылық) (л)/аудан (см2, дм2,
м2)/өлшем бірліктерін салыстыру және шамалар
мәндерімен қосу/азайту/көбейту/бөлу амалын
орындау
3.5.1.4** Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген
есептерді талдау және шығару
Бағалау критерийі Білім алушы
• Компонент атауларының негізінде жақшалы
өрнектер құрастырады және мәнін табады
• Атаулы сандармен амалдар орындайды
• Шамалар арасындағы тәуелділікке берілген
есептерді шығарады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Өрнектерді жаз және мәнін тап.
а) 17 және 3 сандарының қосындысын 5 есе кеміт;
в) 12 және 4 сандарының айырмасын 2 есе арттыр;
2-тапсырма
Өрнектердің мәнін тап.
(34 дм2 + 56 дм2 ) : 3 = 57 см 12 мм – 34 см 9 мм =
3-тапсырма
Есепті шығар.
 Бір қорап қарындаштың бағасы 40 теңге. 360 теңгеге осындай неше қорап қарындаш
сатып алуға болады?

Открыть полную версию