Педагогическая копилка

БЖБ Қазақ тілі 3-сынып 2-тоқсан жауаптары «Уақыт»

«Уақыт» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Қазақ тілі»  3-сынып 2-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2-сынып білім алушыларына «Қазақ тілі» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Қазақ тілі» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Қазақ тілі 3-сынып 2-тоқсан жауаптары

«Уақыт» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Тыңдалым және айтылым
Оқу мақсаты 3.1.5.1 Аудио-бейнежазба мазмұны бойынша айтылған
 өзгенің пікіріне (келісу, келіспеу себебін ) өз
 көзқарасын білдіру
3.1.6.1 Интонацияны, вербалды емес тілдік құралдарды
(қимыл, ым-ишара), қаратпа сөздерді қолдана отырып,
тақырыпқа тыңдарманның назарын аударту
Бағалау критерийі Білім алушы:
• Өзгенің пікіріне қатысты көзқарасын білдіреді
• Тыңдарманның назарын аудару үшін қаратпа сөздерді
қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.
• Мәтін не туралы?
А) уақыттың құны туралы
В) уақыттың қадірі туралы
C) уақыттың бөлігі туралы
 D) уақыттың пайдасы туралы
• «Алтын уақыт» деп неліктен айтады?
• Мәтіндегі уақытқа қатысты айтылған пікірлердің қайсысымен келісесің? Неліктен?
2-тапсырма
Уақытты тиімді пайдалану үшін не істеу керек? Тыңдарманның назарын аудару үшін
дауыс ырғағын, қаратпа сөздерді қолдана отырып, өз ойыңмен бөліс.

Открыть полную версию