Название сайта

БЖБ Әдебиеттік оқу 3-сынып 4-тоқсан жауаптары «Демалыс мәдениеті. Мерекелер»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Демалыс мәдениеті. Мерекелер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Әдебиеттік оқу»  3-сынып 4-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2-сынып білім алушыларына «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Әдебиеттік оқу 3-сынып 4-тоқсан жауаптары

«Демалыс мәдениеті. Мерекелер» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Оқылым
Жазылым
Оқу мақсаты 3.2.8.1 Эпизодтарды салыстыру, сюжеттің дамуындағы
өзгерістерді анықтау
3.2.6.1 Кейіпкердің портретін сипаттау, оның іс-әрекеті,
мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен
дәлелдер келтіріп тауып, бағалау
3.3.2.1 Шығарма кейіпкеріне хат, ертегі (кейіпкер қосу,
соңын өзгерту), өлең (төрт жолды), әңгіме (оқығаны,
көргені бойынша) жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Оқиғаның дамуы барысындағы өзгерістерді анықтайды
• Кейіпкерлердің іс-әрекетіне баға береді
• Оқығаны бойынша кейіпкерге хат жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
• Мәтіннің әр бөлігінде қандай оқиға сипатталған? Әр бөлікке тақырып қойып, жоспар
құр.
1-бөлік 2-бөлік
• Кейіпкердің жағымды және жағымсыз іс-әрекеттерін жаз.
Жағымды әрекеті Жағымсыз әрекеті
• Сейтен аша таяғын неліктен сындырып тастады? Мәтіннен сұрақтың жауабы болатын
сөйлемді тауып, қоршап сыз.
2-тапсырма
Сейтен қандай бала деп ойлайсың? Егер Сейтенмен кездессең, оған не айтар едің?
Оның жасаған іс-әрекеттері туралы ойыңды білдіріп, Сейтенге хат жаз.