Название сайта

БЖБ Әдебиеттік оқу 3-сынып 3-тоқсан жауаптары «Атақты тұлғалар»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Атақты тұлғалар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Әдебиеттік оқу»  3-сынып 3-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2-сынып білім алушыларына «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Әдебиеттік оқу 3-сынып 3-тоқсан жауаптары

«Атақты тұлғалар» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Оқылым
Жазылым
Оқу мақсаты 3.2.1.2 Шығарманы іштей саналы түрде түсініп, көз
 жүгіртіп, шолып, түртіп алып, қажетті ақпаратты
 тауып, белгі қойып, сын тұрғысынан бағалап оқу
3.2.2.1 Қолдануға (практикалық), бағалауға негізделген
 сұрақтар қою және жауап беру
3.2.6.1 Кейіпкерлердің портретін сипаттау, оның іс-
 әрекеті, мінез-құлқының өзгеру себептерін мәтіннен
 дәлелдер келтіріп бағалау
3.3.2.1 Шығарма кейіпкеріне хат, ертегі (кейіпкер қосу,
 соңын өзгерту ), өлең (төрт жолды), әңгіме
 (оқығаны, көргені бойынша) жазу
Бағалау критерийі Білім алушы
• Мәтінді түсініп оқиды, қажетті ақпаратты анықтайды
• Мәтін бойынша сұрақтар құрастырады және жауап
береді
• Шығарманың кейіпкерлерін сипаттайды
• Оқығаны/көргені бойынша мәтін құрап жазады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
1-тапсырма
Мәтінді түсініп оқы. Тапсырмаларды орында.
• Мәтіннің кейіпкері туралы не білесің? Ол кім? ____________________________
• Құрманғазы кімнен тәлім алған? Белгіле ()
• Мәтіннің мазмұны бойынша 1 сұрақ құрастырып жаз.
 __________________________________________________________________
• Мәтіннің кейіпкеріне мінездеме бер.
 ________________________________________