ТЖБ 2-тоқсан Әдебиеттік оқу 3-сынып жауаптар
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау
«Әдебиеттік оқу» 3-сынып
Спецификация 3-сыныпта «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар, қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа көп таңдауы бар сұрақтарды және қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 7 тапсырмадан тұрады.
Көп таңдауы бар сұрақтарда білім алушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
ТЖБ 2-тоқсан Әдебиеттік оқу 3-сынып жауаптар
4. Тапсырмалар үлгісі және балл қою кестесі
«Әдебиеттік оқу» пәнінен
2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Тыңдалым және айтылым
Тапсырма
1. Мәтінді мұқият тыңда. Сұрақтарға жауап бер.
• Болат қандай сөзді естіп, таң қалды?
• Ағасы «жоғалған күн» дегенді қалай түсіндірді?
• Болат нені әдетке айналдырды?
• Болат күн сайын өзіне қандай сұрақ қоятын? Осы сұрақты өзіңе қой және жауап
бер.
[6]
Балл қою кестесі
Тапсырма
№
Жауап Балл Қосымша ақпарат
1
Білім алушының ықтимал жауаптары:
Бір күнді босқа жоғалттым/Жоғалған
күн/...
1 Білім алушының
сұрақтардың
мазмұнына сәйкес
баламалы, қысқа және
толық жауаптары
қабылданады.
Адамның пайдалы іс жасамай, ештеңе
үйренбей өткізген күні/Ешқандай пайда
келтірмей, жаңа нәрсе үйренбеген күнді
жоғалған күн дейді/...
1
Ағасына күні бойы жасаған әрекеттерін
айтуды/ Ағасына сұрақ қоюды/...
1
Мен өз күнімді жоғалтқан жоқпын деп
ойлаймын. Себебі сабаққа ынталана
қатыстым, өзім үшін көп жаңа нәрсе
үйрендім. Үйде анама көмектестім, өз
заттарымды жинастырып қойдым/...
1 Сұраққа сәйкес дәлелді
ой айтады.
1 Өз ойын жүйелі
жеткізеді.
1 Сөйлеу барысында
тілдік нормаларды
сақтайды.