Педагогическая копилка

БЖБ Дүниетану 2-сынып 4-тоқсан жауаптары «Қоршаған орта»

«Қоршаған орта» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Дүниетану»  2-сынып 4-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2-сынып білім алушыларына «Дүниетану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Дүниетану» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Дүниетану 2-сынып 4-тоқсан жауаптары

«Қоршаған орта» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 2.1 Жергілікті жерде бағдарлау
2.2 Климат және ауа райы
2.3 Табиғи жағдайлар және олардың әсері
39
Оқу мақсаты 2.2.1.1. Тұсбағдар көмегімен көкжиек бағыттарын анықтау
2.2.2.1 Ауа райының адам өмірі мен шаруашылық ісәрекетіне оң және кері әсерін талдау
2.2.3.3 Табиғаттың қолайсыз және қауіпті құбылыстарын
жіктеу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Тұсбағдар арқылы көкжиектің тұстарын анықтайды
 Ауа райының адам өміріне тигізетін оң және кері
әсерлерін салыстырады
 Қауіпті табиғи құбылыстарды ажыратады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 15 минут
Тапсырма
1. Суретке мұқият қара. Нысандардың қай бағытта орналасқанын жаз.
Тірек сөздер: солтүстік, оңтүстік, шығыс, батыс.
1) құдық 3) тау
2) орман 4) үй

Открыть полную версию