Педагогическая копилка

БЖБ Дүниетану 2-сынып 3-тоқсан жауаптары «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»

«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Дүниетану»  2-сынып 3-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2-сынып білім алушыларына «Дүниетану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Дүниетану» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Дүниетану 2-сынып 3-тоқсан жауаптары

«Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 1.6 Мерекелер
3.2 Қазақстанның тарихи тамырлары
3.4 Көрнекті тарихи тұлғалар және мәдениет қайраткерлері
Оқу мақсаты 2.1.6.1 Таңдауы бойынша Қазақстан Республикасының
ұлттық және мемлекеттік мерекелерінің мәнін
түсіндіру
2.3.2.1 Көрнекі материалдарды зерделеу арқылы
ғұндардың өмір салтын сипаттау
2.3.4.1 Әл-Фарабидің ғылымның дамуына қосқан үлесі
туралы әңгімелеу
Бағалау критерийі Білім алушы
 Ұлттық және мемлекеттік мерекелердің мағынасын
сипаттайды
 Ғұндардың өмір салтын сипаттайды
 Әл-Фарабидің ғылым саласына қосқан үлесін
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 15 минут
Тапсырма
1. Өлеңді түсініп оқы.
Наурыз айы келгенде,
Күн шуағы шашылып.
Жылғалардан су ағып,
Ақ әжелер құлпырып.
Наурыз көже пісіріп,
Қонақтарға тартамыз.
 Өлеңнің мазмұнына сәйкес келетін суретті белгіле (P).

Открыть полную версию