БЖБ Дүниетану 2-сынып 3-тоқсан жауаптары «Дені саудың – жаны сау»
«Дені саудың – жаны сау» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Дүниетану» 2-сынып 3-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2-сынып білім алушыларына «Дүниетану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Дүниетану» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
БЖБ Дүниетану 2-сынып 3-тоқсан жауаптары
«Дені саудың – жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 1.4 Денсаулық пен қауіпсіздік
Оқу мақсаты 2.1.4.1 Түрлі дереккөздер негізінде пайдалы және зиянды
тағамдардың арасындағы айырмашылықтарды
анықтау
2.1.4.2 Күнделікті жағдаяттардағы (үйде және қоғамдық
орындарда) қауіпсіздік ережелерін түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
Пайдалы және зиянды тағамдарды ажыратады
Қоғамдық орындардағы қауіпсіздік ережелерін
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 15 минут
Тапсырма
1. Суреттерге мұқият қара. Пайдалы тағамды белгіле (P).
2. Досыңа дұрыс тамақтану туралы 2 кеңес бер.
1) ________________________________________________________________
2) ________________________________________________________________
3. Қоғамдық орындарда сақталуға тиісті тәртіп ережелерін белгіле (P).
1) Жолдан бағдаршамның жасыл көзі жанғанда өту керек.
2) Жолдың бойында ойнауға болмайды.
3) Үзіліс кезінде дәлізде ойнауға болады.
4) Суға рұқсат етілген жерлерде ғана шомылу керек.
5) Аулада бөтен адамдармен сөйлесуге болады