Название сайта

БЖБ Дүниетану 2-сынып 2-тоқсан жауаптары «Менің туған елім»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Менің туған елім» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Дүниетану»  2-сынып 2-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2-сынып білім алушыларына «Дүниетану» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Дүниетану» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Дүниетану 2-сынып 2-тоқсан жауаптары

«Менің туған елім» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 1.3 Менің атамекенім
3.5 Қазақстан тарихы: тәуелсіздік, мемлекеттілік және
патриотизм
Оқу мақсаты 2.1.3.2. Қазақстан картасынан ірі өзен-көлдерді,
қалаларды, жолдарды, өз облысын көрсету
2.3.5.1 Қазақстан Республикасы мемлекеттік
рәміздерінің маңызын түсіндіру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Қазақстан картасынан ірі өзен-көлдерді, қалаларды,
өз облысын анықтайды
 Қазақстан Республикасының мемлекеттік
рәміздерін сипаттайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 15 минут
Тапсырма
1. Картамен жұмыс
1) Қазақстан картасынан өз облысыңды белгіле ().
2) Өз облысыңның орталығын (қаланың атауын) жаз.
3) Картадан Арал теңізін тауып, қоршап сыз.
Облыс орталығы - ______________________