БЖБ Әдебиеттік оқу 2-сынып 4-тоқсан жауаптары «Саяхат»
«Саяхат» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Әдебиеттік оқу» 2-сынып 4-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2-сынып білім алушыларына «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
БЖБ Әдебиеттік оқу 2-сынып 4-тоқсан жауаптары
«Саяхат» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің түрлері Оқылым
Жазылым
Оқу мақсаты 2.2.2.1 Мұғалім көмегімен қарапайым және нақтылау
сұрақтарын қою және оның жауабын
шығармадан таба білу
2.3.2.1 Мұғалім көмегімен үлгі бойынша шағын
ертегілер, жұмбақтар жазу немесе дайын
ұйқастарды қатыстырып шумақтар мен
санамақтар құрастыру
Бағалау критерийі Білім алушы
Мәтін бойынша сұрақтар қояды
Мәтіннен сұрақтардың жауабын табады
Берілген ұйқастардан қарапайым шумақтар
құрастырады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
1) «Қара қазан» деген сөз қандай мағынаны білдіреді?
________________________________________________________________
2) Мәтіннен берілген сұрақтардың жауабын тауып, қоршап сыз.
Халық қара қазанды неліктен қастерлеген?
Қазақ халқы қара қазанды қалай қастерлеген?
3) Мәтіннің мазмұны бойынша «иә» және «жоқ» деп жауап беретіндей 2 сұрақ
құрастыр.
________________________________________________________________
________________________________________________________________