Педагогическая копилка

БЖБ Әдебиеттік оқу 2-сынып 3-тоқсан жауаптары «Дені саудың – жаны сау»

«Дені саудың – жаны сау» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Әдебиеттік оқу»  2-сынып 3-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2-сынып білім алушыларына «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Әдебиеттік оқу 2-сынып 3-тоқсан жауаптары

«Дені саудың – жаны сау» ортақ тақырыбы бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Тыңдалым және айтылым
Оқу мақсаты 2.1.3.1 Шығарманың тақырыбы мен үзіндісіне (бастапқы
бөліміне) сүйеніп оқиғаның соңын болжау
2.1.1.1 Шығарманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап
беру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Мәтіннің бастапқы бөліміне сүйеніп оқиғаның
соңын болжайды
 Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтарға жауап
береді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20-минут
Тапсырма
1. Берілген үзіндіні мұқият тыңда. Сұрақтардың көмегімен оқиғаны
жалғастырып айт.
 Анасы Саматқа қалай жауап береді деп ойлайсың?
 Оқиға қалай аяқталуы мүмкін?
2. Сұраққа жауап бер.
 Сен қай кейіпкердің ойымен келісесің? Неліктен?

Открыть полную версию