Название сайта

БЖБ Әдебиеттік оқу 2-сынып 1-тоқсан жауаптары «Менің отбасым және достарым»

[xfgiven_youtube-id] [/xfgiven_youtube-id]

«Менің отбасым және достарым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Әдебиеттік оқу»  2-сынып 1-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2-сынып білім алушыларына «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Әдебиеттік оқу» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Әдебиеттік оқу 2-сынып 1-тоқсан жауаптары

«Менің отбасым және достарым» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Сөйлеу әрекетінің
түрлері
Оқылым
Жазылым
Оқу мақсаты 2.2.3.1 Мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі
ойын анықтау
2.2.6.1 Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы
мен іс-әрекетін бағалау
2.3.1.1 Мұғалім көмегімен оқылған шығарманы бөліктерге
бөліп, жоспар құру
Бағалау критерийі Білім алушы
 Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтайды
 Кейіпкердің іс-әрекетіне қатысты ойын айтады
 Мәтінге жоспар құрады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
1) Мәтінге ат қой ________________________________________________________
2) Мәтіндегі негізгі ойға сәйкес келетін мақалды анықта.
А) Ойыннан өрт шығады.
В) Күлме досыңа, келер басыңа.
С) Балалы үйдің ұрлығы жатпас.
D) Қолмен істегенді мойныңмен көтер.
2. Саған қай кейіпкердің іс-әрекеті ұнамады? Неліктен? Сөйлемді толықтырып жаз.
Маған__________________________________________________________ ,
себебі ______________________________________________________________________