Педагогическая копилка

БЖБ Математика 2-сынып 4-тоқсан жауаптары «Геометриялық фигуралар. Периметр. Аудан»

«Геометриялық фигуралар. Периметр. Аудан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Математика»  2-сынып 4-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2-сынып білім алушыларына «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Математика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Математика 2-сынып 4-тоқсан жауаптары

«Геометриялық фигуралар. Периметр. Аудан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау

Бөлімше

3.1 Геометриялық фигуралар және олардың

      классификациясы  

5.2 Математикалық тіл

 

Оқу мақсаты

2.3.1.4 Фигураның белгісіз қабырғасын оның периметрі мен белгілі қабырғалары арқылы табу

2.5.2.3 Нүктелерді, кесінділерді, сәулелерді, түзулерді латын алфавитінің бас әріптерімен таңбалау, оларды таңбалануы бойынша оқу

 

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Периметрі мен белгілі  қабырғалары  бойынша фигураның белгісіз қабырғасының ұзындығын  табады

  • Нүкте, кесінді, сәуле, түзулерді белгілеуде  латын алфавитінің бас әріптерін қолданады

 

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану

 

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

1. Есепті шығар. 

       Периметрі  25 см, бірінші қабырғасының ұзындығы 12 см,  ал екінші қабырғасы 4 см болатын үшбұрыштың  үшінші қабырғасының ұзындығын тап.

 

 

2. Фигуралары дұрыс белгіленген қатарды белгіле (P) .

 


                                        

А) ОА кесіндісі, а түзуі , P нүктесі, СК сәулесі

В) а түзуі,  СК кесіндісі, ОА сәулесі, Р нүктесі

С) СК сәулесі, ОА кесіндісі, Р түзуі, a нүктесі

D) а сәулесі, СК кесіндісі, ОА түзуі, Р нүктесі

 

 

 

 

 

 

3. Фигураларды нұсқаулыққа сәйкес белгіле.

 

         

Открыть полную версию