БЖБ Математика 2-сынып 4-тоқсан жауаптары «Тиімді есептеу тәсілдері»
«Тиімді есептеу тәсілдері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
«Математика» 2-сынып 4-тоқсан
Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2-сынып білім алушыларына «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Математика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
БЖБ Математика 2-сынып 4-тоқсан жауаптары
«Тиімді есептеу тәсілдері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше |
1.2 Сандармен амалдар орындау 2.1 Санды және әріпті өрнектер
|
Оқу мақсаты |
2.1.2.3 Қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін/ көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану 2.2.1.6 Екі-үш амалды жақшалы және жақшасыз өрнектердегі арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін анықтау, олардың мәнін табу
|
Бағалау критерийі |
Білім алушы
|
Ойлау дағдыларының деңгейі |
Қолдану
|
Орындау уақыты |
15 минут |
Тапсырма
|
|
Тиімді есептеу тәсілін көрсетіп өрнек жаз және өрнектің мәнін тап.
23 + 38 = 3) 97 + 95 + 3=
5 × 9 = 4) 5 + 64 + 5 + 6 =
Өрнектің мәнін тап.
(72 - 27) : 5 + 4 =
|