Педагогическая копилка

БЖБ Математика 2-сынып 2-тоқсан жауаптары «Шамалар және өлшем бірліктері»

«Шамалар және өлшем бірліктері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау 

«Математика»  2-сынып 2-тоқсан

Әдістемелік ұсыныстар мұғалімге 2-сынып білім алушыларына «Математика» пәні бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-4-сыныптары) «Математика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған. Бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістемелік ұсыныстарда бөлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған. Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар) сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.

БЖБ Математика 2-сынып 2-тоқсан жауаптары

«Шамалар және өлшем бірліктері»  бөлімі бойынша жиынтық бағалау

 

Бөлімше

1.3 Шамалар және өлшем бірліктері

 

Оқу мақсаты

2.1.3.3 Шамалар мәндерін: ұзындық (см, дм, м) / масса (кг, ц) / көлем (сыйымдылық) (л)  / уақыт (мин, сағ, тәул, апта, ай, жыл) өлшем бірліктерін салыстыру және шамалар мәндерімен қосу/азайту/ көбейту/бөлу амалдар орындау 

2.1.3.5 Циферблат бойынша уақытты анықтау: сағат және минут

 

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Шамалардың арақатынасын пайдалана отырып, атаулы сандарды салыстырады

  • Атаулы сандармен қосу және азайту амалдарын орындайды

  • Уақытты анықтау үшін циферблатты қолданады

 

Ойлау дағдыларының  деңгейі

 

Қолдану

Орындау уақыты

20 минут

Тапсырма

Открыть полную версию